Тағайындалмаған құрылғылар үшін сақтау ережелерін конфигурациялау

Барлығын жаю | Барлығын жию

Windows желісінде сауалнамалар аяқталғаннан кейін, анықталған құрылғылар Тағайындалмаған құрылғылар басқару тобының ішкі топтарына орналастырылады. Бұл басқару тобы келесі жол бойынша орналасқан: Қосымша → Құрылғыны табу → Домендер. Домендер қалтасы тектік топ болып саналады. Қалтада, желіде сауалнама өткізу барысында анықталған домендер мен жұмыс топтарына сай келетін аттары бар еншілес топтар кіреді. Тектік топта ұялы құрылғыларды басқару топтары да болуы мүмкін. Сіз тектік басқару тобы үшін және әрбір еншілес топ үшін тағайындалмаған құрылғыларды сақтау ережелерін конфигурациялай аласыз. Сақтау ережелері желіде сауалнама өткізу параметрлеріне тәуелді емес және желі сауалнамасы өшірулі болса да жұмыс істей береді.

Тағайындалмаған құрылғыларды сақтау ережелерін конфигурациялау үшін:

  1. Құрылғыны табу қалтасындағы консоль ағашында келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
    • Тектік топтың параметрлерін конфигурациялау үшін Домендер қалтасының контекстік мәзірінен Сипаттар тармағын таңдаңыз.

      Тектік топ сипаттары терезесі ашылады.

    • Еншілес топ параметрлерін конфигурациялау үшін, еншілес топтың контекстік мәзірінен Сипаттар тармағын таңдаңыз.

      Еншілес топ сипаттары терезесі ашылады.

  2. Құрылғылар бөлімінде келесі параметрлерді көрсетіңіз:
    • Мына уақыттан көбірек белсенді емес болса, құрылғыны топтан жойыңыз (тәулік)
    • Тектік топтан иелену
    • Еншілес топтарда мәжбүрлеп иелену

Сіздің өзгертулеріңіз сақталды және қолданылды.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Желілік құрылғыларды табу

Басына оралу